Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы төмендейтінін айтты
Қазақстан бойынша 2021 жылғы 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, температураның төмендеуі күтілуде. Синоптиктер кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі байқалатынын мәлімдеді.
"Жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын байқалатын циклонның артынан суық Солтүстік-Батыс антициклон жылжи бастайды. Онымен жауын шашынның қысқа мерзімге тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік аймақтарына Жерорта теңізінің аудандарынан циклонның шығуы әсер етеді, ол жауын-шашын әкеледі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, қар түседі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады", - дейді синоптиктер.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді