Қазақстанда су тасқынынан кем дегенде жеті адам қаза тапқаны белгілі болды
2024 жылы 18 сәуірде сенат отырысында журналистер ішкі істер вице министрі Марат Қожаевтан Қазақстанда су тасқынынан қаза тапқандардың санын атап беруді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті
"Бұл мәліметтердің бәрі БАҚ-та жарияланды. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, ал Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Ал осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу жүріп жатыр", – деп жауап берді Марат Қожаев.
Алайда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Түркістан облысында мұндай фактілер тіркелмегенін нақтылап өтті. Оның сөзінше, тұрғындардың біреуі су тасқынынан кейін өз бетінше жүзіп өтуге бел буған.
Сонымен қатар журналистер Абай облысының Аягөз ауданында 2 адам тракторға батып кеткен оқиғаны еске салды.
"Бұл фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу қорытындысына сәйкес шешім шығарылады", – деді вице-министр.
Осылайша, ішкі істер министрлігі Қазақстанда су тасқыны салдарынан 7 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін сенат отырысында ІІМ бірінші орынбасары су тасқыны кезінде адамдардың жоғалу фактісі бойынша 7 қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған еді.