Құлсарыда тасқын судан ер адамның мәйіті табылды
Атырау облысы Құлсары қаласындағы дүкендердің бірінің маңындағы судан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәйітті төтенше жағдай қызметкерлері тапқан. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Құлсары қаласында табылған мәйітке қатысты су тасқыны бейіттерді шайып кеткені туралы хабарланды. Табылған мәйіттің су тасқыны кезінде жоғалып кеткен іздеудегі әке мен балаға қатысы жоқ", – делінген полиция хабарламасында.
Қазір қала сыртындағы екі зират су астында қалған.
Еске салсақ, бұған дейін Құлсарыда су астында қалған үйін көруге кеткен әкесі мен ұлы іздестіріліп жатқаны туралы жазған едік.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған