Қазақстанда пандемия салдарынан табысынан айырылғандарға өтемақы төлеу ұсынылды
ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев үкіметтен коронавирус пандемиясы салдарынан жұмысынан және кірісінен айырылған азаматтарға өтемақы төлеуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азат Перуашев денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Оған қоса, депутат зардап шеккен халыққа төлемақы төлеу мәселесін қайта қарауды сұрады.
"Коронавирус пандемиясынан тек қана денсаулық сақтау саласы ғана емес, экономика да зардап шекті. Осы орайда пандемия салдарынан жұмысынан және табыс көздерінен айрылған азаматтарға өтемақы төлеу мәселесін пысықтауын сұраймын", - дейді Перуашев.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған