Қазақстанда онлайн несиеге тыйым салуды талап ететін петиция қабылданбады
Онлайн несие беруге тыйым салу туралы петиция модерация сатысында қабылданбады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Петиция 12 тамызда жарияланды, содан кейін ол мәдениет және ақпарат министрлігі модераторлығында тұрды. Модерация 20 күнге дейін созылуы мүмкін.
Веб-сайтта петицияға дауыс беру мүмкіндігі уәкілетті орган бекіткеннен кейін ғана пайда болады. Ол үшін 50 дауыс жиналуы керек.
Ұлттық ақпараттық технология петиция модерациядан өтпегенін және оны мемлекеттік орган қабылдамағанын хабарлады.
Еске салсақ, Еpetition.kz сайтында онлайн несиеге тыйым салуды талап ететін петиция пайда болды. Бір күн тұрса да, петиция бірде-бір қол жинамаған еді.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын