Қазақстанда ұстаздар күні қашан аталып өтіледі?

Ұстаздар күні Қазақстанда жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

Алғаш рет бұл мереке Кеңес Одағында 1965 жылы аталып өтті, алайда ол бастапқыда 29 қыркүйекке сәйкес келген.

Халықаралық ұстаздар күні 1994 жылы ЮНЕСКО және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру бөлімімен белгілеген. Ұстаздар күні халықаралық мерекеге жатады (яғни, барлық елдерге аталу ұсынылады) және 5 қазанда атап өтіледі. 1966 жылы дәл осы күні «Ұстаздардың мәртебесі туралы» халықаралық ұсыныс қабылданғандықтан, 5 қазан таңдалған. Бұл бүкіл әлемдегі ұстаздардың еңбек жағдайларын анықтайтын алғашқы құжат болды.

Мереке әлемнің барлық ағартушыларына қоғамның дамуына қосқан маңызды үлесі үшін арналған. Халықаралық ұстаздар күнінің мақсаты -  болашақ ұрпаққа білім беру үшін ұстаздарға қолдау көрсету керектігін еске салу.

Дүниежүзілік ұстаздар күнін атап өтуге әлемнің жүзден астам елі қосылды. Алайда, әр ел атап өтудің өзіндік жолын таңдайды. Бұл тек тойлау әдісіне (мерекелік іс-шаралар, сыйлықтар, марапаттар) ғана емес, сонымен қатар, мереке күніне де қатысты кейбір елдер бұл күнді басқа күнге ауыстырған. Осыған қарамастан, мереке халықаралық болып қала береді.

2011 жылы ҚР Білім министрлігі Ұстаздар күнін атап өтуді 5 қазанға ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Себебі, 5 қазанда әлемнің көптеген елдері Дүниежүзілік ұстаздар күнін атап өтеді. Бірақ мереке күні өзгертілмеді. Айта кетейік, қазан айының бірінші жексенбісінде Ұстаздар күні тек Қазақстанда ғана емес, Беларусь, Қырғызстан және Латвияда да атап өтіледі екен.

2019 жылы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оларды қолдауға шақырды.

«Ұстаздар - балаларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәрбиелейтін керемет жандар», - деп жазды мемлекет басшысы.

Мереке қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған мерекелік шаралар өткізіледі.

Бұл күні білім беру саласының мамандарын құттықтап, құрметтейді және ерекше үлестері мен жетістіктері үшін марапаттайды.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр