Қазақстанда мектеп директорларының жалақысы өседі
Қазақстанда мектеп директорларының еңбекақысы көтеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, биыл мұғалімдердің айлығын арттыру шарасы аяқталады. Алдағы уақытта мектеп басшылығындағы лауазым иелерінің айлығы өспек.
"Мемлекет басшысының 2019 жылы берген тапсырмасы бойынша, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлығы жыл сайын 25 пайыз көтеріліп отырды. Биыл тағы 25 пайыз артып, екі есе көтеру толығымен аяқталды. Келесі бағытта мектеп басшыларының айлығын да көтеруге мән беруіміз керек. Бұл бағытта да Оқу-ағарту министрілігі біршама жұмыс атқарып жатыр. Пысықтап жатырмыз, бұл оңай шаруа емес. Бүкіл оң-теріс тұстарын есептеу керек. Міндетті түрде мектеп басшыларының айлығын көтеру керек. Біз оны қолдаймыз. Өйткені осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді Ғани Бейсембаев.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ