Қазақстанда 36 градусқа дейін күн ысиды
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 27-29 сәуір аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кезең соңында ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер күн күрт жылынатынын айтты.
"Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С жылыға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа жылыға дейін төмендейді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін", - дейді синоптиктер.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?