Коронавирусты емдеуге арналған қандай дәрі-дәрмектер қазақстандықтарға тегін беріледі
Қазақстанда үй жағдайында коронавирус пен пневмониядан емделуге ибупрофен мен парацетамолды хаттамаға енгізіп, дәрі-дәрмектерді тегін береді. Бұл туралы вице-министр Ажар Гиният ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз парацетамол, ибупрофен және антикоагулянттар - ривароксабан, апиксабан и дабигатран сияқты препараттарды амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайында қарастырудамыз", - деді Гиният.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл препараттар науқастар үшін тегін болатынын айтты.
"Олар медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен өтеледі. Дәрілер азаматтарға емханаларға жүгініп, тиісті диагнозы болған кезде беріледі", - деп түсіндірді ол.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан