Қазақстанда ақбөкен аулауға рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның ақбөкен популяциясын қалпына келтіру бойынша жоспарды орындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, ақбөкендердің көбейгені соншалық, егістік жұмыстарына кедергі келтіре бастаған.
"Егер 2016 жылы ақбөкендер популяциясы 110 мың бас болса, бүгінде олардың саны 10 есеге өскен. Жыл сайынғы өсім 30-40%-ға тең. Биологиялық дәлелдеу қорытындысы бойынша, ақбөкендердің тиімді саны 700-800 мың бас шамасында. Қазір олардың саны 1,3 миллионға жетеді", – деді министр.
Серікқали Брекешев ғалымдардың ақбөкендер санын реттеу мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Тек осыдан кейін ғана ведомство ақбөкен аулауға рұқсат беру сұрағын қарастырады.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген