AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбөкендер туралы қызықты мәліметтер

Ақбөкендер – Қазақстан даласында мекендейтін дала бөкендері. Еліміздегі олардың саны 1992 жылдан 2003 жылға дейін 50 есе азайды, шамамен 1 миллионнан 20 мыңнан астамға дейін. 2002 жылы киіктерді жойылып кету қаупі бар түрлерге жатқызды.

акбокен

2004 жылдан бастап түрді қорғау бойынша қабылданған шаралардың арқасында олардың саны біртіндеп өсті. 2021 жылы Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ақбөкендер популяциясының саны соңғы екі жылда екі есеге – 334 мыңнан 842 мыңға дейін өскенін мәлімдеді.

Ақбөкен түрлерінің бес негізгі популяциясы бар, олардың үшеуі Қазақстанда, біреуі Ресейде (Қалмақия) және біреуі Моңғолияда. Кейбір ақбөкендер Өзбекстанда қыстайды.

Ақбөкен – жұптұяқты ұсақ жануар. Оның денесінің ұзындығы 110-146 см, салмағы 23–40 кг. Түгі сары қызыл, қыста түлеп, ашық сұр түске боялады. Имек мұрнынан оңай тануға болады. Аталығының ғана мүйізі болады, ұзындығы 30 см. Ақбөкен – ұзақ қашықтыққа жүре беретін қоныс аударатын жануар. Шағын су қоймаларынан жүзіп өте алады.

Ең алдымен олардың ерекше тұмсықтары көзге түседі. Олардың мұндай болуы жайдан-жай емес: тұмсықтарын түк жауып тұрады, ол дала шаңын сүзгіден өткізеді. Ақбөкендерге мұндай танаудың пайдасы зор, себебі олар шаңды бастарына көтеріп далада көшіп-қонып жүреді.

Ақбөкендер азық табу мақсатында даланы әрлі-берлі кезеді. Осындай ұзақ сапарларда шаршамас үшін артқы аяғының жамбас буыны аяқты маятник тәрізді алдыға-артқа қозғалтып отырады.

Ақбөкендерді суатта жыртқыштар – қасқырлар, түлкілер және қаңғыбас иттер торуылдап жүреді. Табынды шабуылдан қорғау үшін ақбөкендердің кейбірі суаттың маңында күзетке қалады. Олар жағдайды бақылайды. Сақ тұрған ақбөкендер қауіпті көргенде, аспанға секіру арқылы дабыл қағады. Секіру толқыны табын арасында жайылып, бәрі қашып кетеді.

Ақбөкеннің жылдамдығы 80 км/сағ жетуі мүмкін.

Аталықтары аналықтарды екі жолмен еліктіреді. Алдымен олар бейбіт жолмен тырысып көреді: хоботтарын S әрпі түрінде бүгеді, оны қысады — төмен дыбыс шығады. Егер басқа аталықтар шегінбесе, мүйіздерімен күресуге тура келеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр