Қазақстанда қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 1-3 маусымына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ел аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі.
“Ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райын
тудырады, найзағай күтіледі. 2 маусымда күндіз батыста, 3 маусымда
республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшеюі
мүмкін. Тек республиканың солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс
антициклоны сілемінің әсерінен түнде 11...16, кей жерлерде 8, күндіз 21...26,
кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанады”, – дейді синоптиктер.
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен