Қазақстанда бір жылдың ішінде электр көліктеріне сұраныс өскен
Бір жылда Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есе өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, өткен жылдың 1 желтоқсаны бойынша елімізде 12 587 электромобиль тіркелсе, алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 7 680 болған. Бұл өсім көліктің барлық түрлеріне, соның ішінде жеңіл көліктерге, жүк көліктеріне және автобустарға әсер етті.
Өсім, әсіресе, жеңіл автомобильдер сегментінде байқалады. Олардың саны 7 383-тен 12 119-ға дейін өсті. Сонымен қатар елімізде коммерциялық электромобильдер саны да артып келеді, қазір Қазақстанда 338 электр жүк көлігі және 130 электробус бар.
Алматы электромобильдер саны бойынша көш бастап тұр, мұнда 7 309 осындай көлік тіркелген. Одан кейінгі орында Астана (1510) мен Алматы облысы (638) бар.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған