Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ажырасу жиілеген: Мамандар мәселенің шешімін айтты

Елде ажырасып кеткен жұптар саны артуда. Бұл туралы Ranking.kz агенттігінің дерегінде жазылған. Былтыр ел бойынша 128 мыңнан астам жас шаңырақ көтерген. Алайда, үйленгенімен үй болмай жатып ажырасқандары көп. "Астана" арнасының тілшілері оның себебін анықтап көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ажырасудың себептері көп: алкаголдік ішімдіктер, нашақорлық және т.б. Алайда көш басында отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері тұр. Мәселен 2020 жылы ажырасқан 30 мыңға жуық жастың 43 пайызы осы жағдайға тап болған.

Соның бірі - елордалық Аида Ермекова. Бойжеткен жақында ғана әлуметтік желіде, көптен көмек сұрады. Бұрынғы күйеуі өлімші етіп ұрып кеткенін айтып, қоғам дертіне назар аудартты.  Айтуынша, отбасындағы кикілжіңге, отағасының озбыр мінезі себеп болған.

"Күйеуім маған барлық жағынан қысым көрсетті.  Одан кейін қандай сенім болсын. Тіпті құрметтеуді де білген жоқ. Босанғанан кейін де ол маған көмек көрсеткен жоқ. Одан қандай отбасы шығады?", - деді Аида Ермекова,

Әрине, отбасындағы түсініспеушілікке кез-келген дүние себеп болуы мүмкін. Оны алдын-ала болжауда қиын. Сондықтанда пікірлерде сан қилы. 

Психолог маманның сөзінше, кінәнің бәрін отағасына арта беру қисынсыз. Отбасындағы берекеге көбіне әйелдер жауапты. Қазір қоғамда отбасындағы теңдікті түзеймін деген бойжеткендердің қатары көбейген. Психолог ер азаматқа да ажырасу үлкен соққы екенін айтады.


Қазақстанда жастарды отау құрмас бұрын арнайы курстарға жіберу ұсынылды


"Отбасында барлық жауапкершілікті әйел адамдар өзіне алуда. Бұл жерде қазір тепе-теңдік жойылып кетті. Ер азамат екінші орында қалды да, бірінші орында әйелдер. Бұл да ер азаматтардың намысына, арына тиеді. Сондықтан оның өзіндік бағасы төмендейді. Сол себептен ол ішкілікке салынады, әйеліне қол көтереді", - деді психолог Камила Асыпқызы.

Елде үйленіп үй бола алмайтындардың қатарында Алматы қаласы көш бастап тұр. Былтыр 15 мыңнан астам жас шаңырақ көтерсе, оның 500-ден астамы ажырасып үлгерген. Сондай-ақ бұл тізімді Түркістан және Алматы облыстары жалғастырады.

Ал мұндай жағдайға қоғам белсендісі Оразгүл Асанғазықызы бей-жай қарауға болмайтынын айтады. Сондықтан да ол, балаларды отбасылық өмірге , ерте бастан дайындаған жөн дейді.

"Бізге жетпейтін нәрсе, бізге жоғарғы кластың оқушыларына коледждің оқушыларының арасында ,біз мысалы денсаулық сақтау қызметкері болуды, заң қызметкері болуды ,аграном болуды, мұғалім болуды оқытамыз. Әке болуды, ана болуды оқытпаймыз. Отбасының отағасы, отбасының отанасы болуды оқытпаймыз. Осыны пәндік сабақ болмаса да, факультатив сабақ арқылы оқыту керек", - деді қоғам белсендісі Оразгүл Асанғазықызы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр