Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда да жақсы демалуға болады": Бекшин алматылықтардан шетелге шықпауды сұрады

Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының тұрғындарына Қазақстанда демалуға кеңес беріп, шетелге шықпауды сұрады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұрынғы қазақстандықтар АҚШ-тан елге оралуда"Әлемдегі жағдайдың қалай ушығып жатқанын жақсы білесіздер. Сіздерден шет елге қыдырмауды, өз отанымызда болуды сұраймын. Қазақстанда да керемет демалуға болады", - деді Бекшин.

Ол 8 қазаннан бастап коронавирусты жұқтырған 33 жолаушы ұшақтардан шығарылғанын – оларды оқшаулағыштарға орналастырғанын атап өтті. Республикаға ПТР анықтамасынсыз 5 мыңнан астам адам келген. Барлығы міндетті тексеруден өтіпті.



Бекшиннің айтуынша, COVID-19 бар азаматтардың көпшілігі Египеттен, Түркиядан және Біріккен Араб Әмірліктерінен келгендерден табылған.

"Біз сырттан келетін вирусты тоқтатуға тырыстық, бірақ шетелге қыдыруды тоқтату керек", - деп атап өтті Бекшин.

Бүгін Алматы қаласының бас санитар дәрігері қалада кинотеатрлар мен сауда орталықтарының сенбі күні де жұмыс істеуіне рұқсатын берді. Сондай-ақ барлық санитарлық талаптарды сақтауды қадап айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр