255 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген
255 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеме жасады.

25 қазан күні түн ортасынан кейін Қазақстанға 11 халықаралық әуе рейсі келді. Онда 1483 жолаушы болған, оның ішінде анықтамалары бар - 1228, анықтамасыз - 255 Қазақстан азаматы.
- Екі күн карантинге жатқызылмайтын болды: Елге келетіндер ПТР тест нәтижесі болмаса ұшаққа кіргізілмейді
- Шетелден ұшып келген елордалықтар ПТР-тест тапсыру пунктінен қашып кетті
- Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
"Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласына - төрт рейс, 434 жолаушы, анықтамалары бар - 350, анықтамалары жоқ - 84;
Алматыда - алты рейс, 939 жолаушы, анықтамалары бар - 778, анықтамалары жоқ - 161;
Шымкентке - бір рейс, 110 жолаушы, анықтамалары бар - 100, анықтамалары жоқ - 10.
Қазақстан азаматтары анықтамасыз Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ПТР-талдау тапсыру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларуссиядан халықаралық рейстермен келді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?