Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелден ұшып келген елордалықтар ПТР-тест тапсыру пунктінен қашып кетті

Шарм-эль-Шейхтен келген Нұр-сұлтан тұрғындары ПТР талдауы алу үшін тиісті орынға жеткізетін арнайы автобусқа отырғызу кезінде әуежайдан қашып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

"Бүгін түнде Шарм-эль-Шейхтен ПТР туралы анықтамасыз келген Нұр-Сұлтанның екі тұрғыны ПТР-талдау тапсыру үшін арнайы автобусқа отырғызу кезінде әуежайдан қашып кетті", - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Көлік полициясының қызметкерлері аталған адамдардың тұрған жерін анықтап, оларды карантиндік стационарға жеткізгені белгілі болды.

23 қазанға қараған түні 11 халықаралық әуе рейсі, 1291 жолаушы келді, оның ішінде анықтамалары бар - 962, анықтамасыз - 329 Қазақстан азаматы, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанға - бес рейс, 522 жолаушы,  анықтамалары бар - 373, анықтамалары жоқ - 149;
Алматыға - бес рейс, 728 жолаушы, анықтамалары бар - 548, анықтамалары жоқ-180;
Ақтауға - бір рейс, 41 жолаушы, анықтамалары бар - 41.

Айта кетейік, анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ПТР-талдаудан өту үшін карантиндік стационарларға орналастырылды.

Жолаушылар Түркия, Мысыр, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден халықаралық әуе рейстерімен келді.

Талқылау