Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда сауда орталықтары сенбі күні ашық болады

Алматыда демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Оның айтуынша, сауда орталығында жұмыс істеуге рұқсат қаладағы жағдай толық зерттелгеннен кейін берілген. Сонымен, 26 қазаннан бастап сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері сенбіде жұмыс істей алады. Алайда ғимарат 30 пайыздан артық толы болмауы керек, әр келушіге кемінде төрт шаршы метрден орын болуы керек.

Сондай-ақ, сауда ойын-сауық орталықтарында немесе бөлек үй-жайларда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерін пайдалануға рұқсат етіледі. Алайда, ол жерде де орындар 50 пайыздан артық толы болмауы керек. Ұжымдық іс-шараларды өткізуге де тыйым салынады.

"Біз бұл мәселені мұқият зерттедік, өйткені халықтың денсаулығы бәрінен маңызды. Жағдайдың қаншалықты қауіпсіз екенін түсінуіміз керек еді. Жағдайды ескере отырып, біз бүгін ғана сауда ойын-сауық орталығы мен кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беру туралы шешім қабылдадық", - деді Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қалада кинотеатрлар ашуға рұқсат берген болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр