Елордалық әуежайдан қашып кеткен мемлекеттік қызметкердің ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен
Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен жұптың COVID-19-ға тапсырған тестінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Садуақас Байғабулов екі азаматтың да ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткенін айтты.
23 қазанда Мысырдан ұшып келген екі астаналық тұрғын әуежайдан қашып кеткен. Кейіннен, екеуінің ерлі-зайыпты екені анықталған. Оның бірі - Индустрия және инфрақұрылымдық даму қызметкері екені анықталды. Министрлікте тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарланды.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"