Қазақстанда БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстау тоқтатылмақ

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстау тоқтатылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ақпарат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, тиісті түзетулер БЖЗҚ салымшыларының мүддесін қорғау және қолданыстағы заңнаманы Салық кодексінің нормаларына сәйкестендіру мақсатында әзірленген.
Қазақстандықтар қарашада қандай салықтар төлеп, декларация тапсырады?
Үкімет салық төлемейтін, тіркелмеген риелторлардың қызметіне тыйым салмақ
"Салымшылардың мүддесін қорғау мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығы алынбайды", – делінген жобаға түсіндірме жазбада.
Қазір құжат қоғамдық талқылауда.
Бұған дейін салық органдары азаматтардың жасырын табыстарын анықтау үшін жанама әдісті қолданатыны хабарланған.
Қазақстанда орынбасарлары сотталған әкімдер отставкаға кетті ме: Шолу
Қазақстан заңнамасында орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған әкім 10 күн ішінде отставкаға өтініш беруі тиіс
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты