Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу ұсынылды

Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу мәселесі қайтадан талқыланып жатыр. Мұндай шара Кеңес Одағы кезінде болған, енді ол тағы көтеріліп жатыр. Ал сарапшылар мұндай шарадан гөрі мемлекет бала тәрбиесіне қолайлы жағдай жасауға назар аударуы керегін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

бедеулік

Фото: Pexels.com

Мәжiлiс депутаты Болат Керімбек қазақстандықтардың күннен күнге некеге тұру және ата-ана болу сәтін кейінге қалдырып жатқанына шамданды.

“Материалдық құндылықтар моральдық құндылықтан асып кетіп жатыр, өйткені отбасының басты мақсаты – ұрпақ әкелу және тәрбиелеу, ұрпақ жалғастыру, рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Уақытында үйленіп, балалы болу керек. Қазақстандық қыздардың ана болудан саналы түрде бас тартып, "өзі үшін" өмір сүруді қалайтыны алаңдатады”, – деді мәжіліс депутаты Болат Керімбек.

Сарапшылар мұндай шаралар жастардың елден кетуіне себеп болуы мүмкін деп есептейді. Оның орнына отбасы мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға көңіл бөлу маңызды дейді демографтар.

“Одан да дүниеге келген бүлдіршіндер жағдайы, мектепке дейінгі мекемелер, яғни балабақшалар мен қосымша білім беру институттары,  орта және жоғары білім оқу орны, жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері назарға алынсын”, – деді Д.Серікпаев "Цифрлық әлеуметтік зерттеулер" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Жанна Әубәкірова.

Сонымен қатар сарапшы біздің елде туу көрсеткіші бойынша ешқандай проблема жоқ екеніне сенімді. Бірақ Қазақстанға демографиялық саясат бағдарламасы артық етпейді. 

“Азаматтар ата-ана болу мәселесіне көбірек жауапкершілікпен қарай бастады. Жастар қазір білімге, көбірек оқуға тырысады. Ең алдымен, өздерінен бастау керек екенін түсінеді. Өзіңізді түсініңіз, өзіңізді жақсы көріңіз, сонда сіз балаңызға сізде болмаған нәрсені бере аласыз”, – деді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ психологиялық қолдау орталығының жетекшісі, практик психолог Назерке Бейсенова.

Кеңес одағында 1992 жылға дейін ерлер мен әйелдер балалы болмағаны үшін жалақысының пайызын төледі.

Талқылау