Қазақстанда баланы сүндетке отырғызуға тыйым салу ұсынылды
ҚР мұсылмандар одағы өздеріне бір топ атеистер мен феминистердің хабарласып, елімізде сүндеттеуге тыйым салуды ұсынғанын айтты.
Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
Олар сүндеттеу – адам құқығын бұзып, денсаулығына зиян келтіреді деген пікірде. Олар ежелден келе жатқан дәстүр денсаулыққа қауіп төндіріп, баланы психологиялық күйзеліске түсіретініне сенімді.
Пікірталасқа сексуалды азшылық өкілдері де қосылған. ЛГБТ қауымдастығының өкілі, Арман есімді студенттің айтуынша еліміздегі көптеген дәстүрлер бұрынғы жабайылық дәуірді еске түсіреді екен.
“Махаббат пен сүндет екеуі сәйкеспейді. Баланы сүндетке отырғызып, оның жыныс мүшесінің етін кесіп алу адамның ақыл-ойының дамуына да кері әсерін тигізеді. Ескі дәстүрсымақтан аяқ тартып, алға қарай жаңаша қадам басуымыз керек”, – дейді ол.
Балалар омбудсмендерінің айтуынша, ерте жастан сүндеттеу кәмелетке толмаған балаға жасалған зорлық іспетті екен. Олар ешкім де бала үшін шешім қабылдап, оның денсаулығын қиын жағдайға қалдыруға тиісті емес деп есептейді.
Оқи отырыңыз:
Министр неге балаға вакцина егуге қорықпау қажеттігін түсіндірді
Дәрігер: Жастар үйленбестен бұрын жыныстық қатынасқа түсіп аурудың жаңа түрлерін жұқтыруда
Өнертапқыштар Қытайда тұратын қазақ қызына есту құрылғысын сыйға тартқан