Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр неге балаға вакцина егуге қорықпау қажеттігін түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ата-аналардың баласына екпе жасаудан бас тартуына байланысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы жол картасы әзірленгенін айтты.

Министр неге балаға вакцина егуге қорықпау қажеттігін түсіндірді

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Батыс өңірде діни бағыт ұстанып, балаларына вакцинация жасатқысы келмейді. Олардың бұл әрекеті проблема тудыруда. Яғни жұқпалы аурулармен көбіне осы балалар ауырып жатқаны белгілі болды. Қазіргі таңда осындай азаматтармен қандай жұмыстар жүргізілуде?”, — деп сұрады журналист үкіметте өткен баспасөз мәслихатында министрден.

Елжан Біртанов қазір елімізде осындай мәселе бар екенін және оның өзекті тұрғанын атап өтті.

“Себебін түсінеміз. Көп жылдан бері біз аталмыш мәселеге мән берген жоқпыз. Себебі, санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет Денсаулық сақтау министрлігінің құрамынан кеткеннен кейін осы бағытта жүргізілген жұмыстардың күші әлсіреді. Осыған байланысты “Денсаулықты сақтау және дамыту бағдарламасының” негізінде қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі құрылды. Қазіргі таңда министрлік және жергілікті жерде арнайы қызмет бар. Бұл қызмет арқылы біз жалпы аурулардың алдын алу мәселелерін қарастырып жатырмыз”, — деді ол.

Министрдің айтуынша, вакцинациядағы ең өзекті мәселе ақпараттандыру әрі түсіндіру жұмыстарына байланысты болып отыр. Осыған орай қазіргі таңда арнайы жол картасы әзірленген.

“Құжат бекітілгеннен кейін осы бағытта жұмысты бастаймыз. Біз ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Өйткені, көп ата-аналар вакцинациядан кейін балаларымыз ауырып қалады деп қорқады”, — деді Біртанов.

“Әрине, ондай жағдайлар болуы мүмкін. Жалпы вакцинация кезінде вирусты біз баланың денесіне енгіземіз. Мақсатымыз оның иммунитетін көтеру. Иммунитет көтерілген кезде бала ауырады. Сол кезде ата-аналар қорқып, одан бас тартады. Бала ауырып жүрсе, ата-анасы оны емдеуі керек. Содан кейін вакцинация жасатқан жөн”, — деп түсіндірді министр.


Оқи отырыңыз >>>

Қазақстандық емші жылан мен кірпі сорпасын беріп науқастарды емдеп жүр (видео)

Талқылау