AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер: Жастар үйленбестен бұрын жыныстық қатынасқа түсіп аурудың жаңа түрлерін жұқтыруда

Қазақстанда белсіздікке шалдыққан ер азаматтардың үлесі 16 пайызға жетіп отыр. Яғни, әрбір бесінші еркек бала сүйе алмайтын ауруға шалдыққан. Танымал дәрігер, Қазақстанның бас урологы Мырзакәрім Алшынбаев осылай деп дабыл қағуда.

????????????????????????????????????

Жуырда ғана еліміздің оңтүстік өңірлерінде болып, жергілікті тұрғындарды қабылдаған маман аталған дерттің уақыт санап қоғамда дендеп келе жатқанына алаңдаулы, деп жазады baq.kz.

Мамандар белсіздікке шалдығудың төрт себебі бар екендігін айтады. Олардың алғашқысы суық тиюден келеді екен, яғни простатит сынды аурулар. Бұрындары бұл кеселге 40-50 жас шамасындағы ер-азаматтар шалдығып жатса, қазір тепсе темір үзетін 20 мен 25-тегі жас жігіттер де оның зардабын тартуда.

Ал екінші себеп – ағзадағы қанның ұйып қалуы. Мұндай ауру түрлері негізінен күннің жартысына жуығын бір орында отырумен өткізетін ер азаматтарда көп кездеседі. Қазіргі кеңсе қызметкерлерінің жұмыс барысы осындай тәртіпте өрбитіндіктен, олардың басым бөлігінде белсіздіктің белгілері бар деп батыл айтуға болады. Оған компьютер алдында таң азаннан кешке дейін отыратын жастар мен жеткіншектерді қосыңыз.

Белсіздіктің тағы бір себебі – инфекциялық жолмен тарайтын аурулар. Жастардың үйленбестен бұрын жыныстық қатынасқа түсіп, «батыстық үлгіде» өмір сүруі аурулардың жаңа түрлерінің көбеюіне жол ашып отыр. Осындай жолдармен туындаған инфекциялар еркек беліндегі ұрықты ірітіп, оның белсенділігін төмендетеді.

Белсіздікке әкеліп соқтыратын төртінші себеп – экология. «Әсіресе мұнай мен уран өндірісінде жұмыс істейтін ер азаматтар экология салдарынан ұрпақсыз қалып жатады» дейді денсаулық сақтау саласының мамандары. Дегенмен кез келген аурудың алдын алып, ертерек ем қабылдаса, тарқатылмайтын түйін болмайды.

Айта кетейік, темекі мен ішімдікті үнемі пайдаланатындар да – «әлсіз» еркектердің санатында.

“Бүкіл Қазақстан бойынша 16 пайыз еркек белсіз. Не деген сұмдық?! Белсіздік ауруы неліктен өршіп кетті? Мұның себебі арыда жатыр. 1990 жылдары елімізде қиындықтар болып, халық өз денсаулығына қарамақ түгілі, бір тілім нанды зорға тауып жеді. Сол кезде дүниеге келген балалар суық үйде өсті. Қарны тойып тамақ жемеді. Бұл да өз әсерін тигізді. Жалпы, белсіздікке адам 4 жағдай бойынша душар болады. 10 пайыз себебі – сапасыз медициналық көмек, 15 пайызы – ген арқылы, 50 пайызы – өз-өзіне дұрыс қарамау және қалғаны қоршаған ортаға байланысты. Расында, ер азаматтар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Жай ғана өмірден бір мысал алайықшы. Әйел адам маникюр, педикюр жасап, боянып-сыланып, денсаулығы сыр берсе бірден гинекологқа жүгіреді. Ал, ер адамдар қалай болса солай, олпы-солпы жүреді. Урологқа ауруы әбден асқынғанша бармайды. Бізде мынадай психология бар: егер ер адам урологқа барса, онда ол импотент! Міне, еркектер осыған намыстанып, урологқа дер кезінде бармайды. Осының салдарынан ауруы асқынып кетеді”, – дейді еліміздің бас уролог-дәрігері.

Оның айтуынша, қазақтың ер азаматтары өз денсаулығына аса немқұрайлы қарайды және әйелдерге қарағанда дәрігерге үш есе аз қаралады. Салдарынан өмір сүру ұзақтығы да әйелдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Еліміздегі жалпы өлім-жітім құры­лы­мын­да ер адамдардың шығыны бірінші орын алады. Статистика мәліметтеріне сүйен­сек, ерлердің өмір сүру ұзақтығы әйел­дерге қарағанда 10%-ға төмен. 75 жасқа жет­кен уақытта ерлер арасындағы қатерлі ісік нәтижесіндегі өлім-жітім көрсеткіші әйел­дер­мен салыстырғанда 2 есе көп болады.

Расында, мұның барлығы түптің тү­бін­де тек жеке бір адамның ғана емес, жалпы мемлекеттің болашағына да әсерін тигізбей қоймайды. Елбасы 2020 жылға дейін халық санын 20 миллионға жеткізу туралы меже қой­ғаны белгілі. Сондықтан да ер азаматтар денсаулығы жіті назар аударуды қажет етеді.

“Еркектер орта жасқа келгенде жыныстық аурудан көп зардап шегеді. Себебі, осы жаста олар көп қимылдамай, дұрыс тамақтанбайды. Міне, олар өз-өздеріне қастандық жасайды. Семіріп, қарын байлап, өздерімен-өздері әбіржіп жүреді. Мысалы, Қазақстанда 630 мыңдай зейнеткер еркек бар екен. Ал, әйел зейнеткерлер одан екі есе көп. Яғни, өмір сүру жасы әйелдерде ұзағырақ. Әйел адам неліктен дәрігерге жиі қаралады? Себебі, оларда жауапкершілік бар. Балаларына керек екенін біледі. Оларды жетілдіру керек. Әйел адам осыны керемет түсінеді. Еркектер әйелдерден үлгі алу керек. Жауапкершілікті сезіну керек”, – дейді Мырзакәрім Алшынбаев.

Оның айтуынша, жуырда Қазақ­стан­дағы жағдайды бағалау үшін Б.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы 14 об­лыста және Алматы мен Астана қала­ларын­да 26000 ер адам денсаулығының жай-күйіне сауалнама мен скринингтік зерттеу жүр­гізген. Зерттеу нәтижелері бойынша 56,3% ер-азаматтарда түрлі дәрежедегі эрек­тильдік дисфункция белгілері, 30,4% – ұрық­тылықтың бұзылу белгілері, 42,4% жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар анық­тал­ғанын алға тартты. Еліміздің техногендік аймақтарында еңбек ететін 28 мыңнан астам ер-азаматты тексеру кезінде мұнай өндіру саласында еңбек ететін ерлердің 63,5%-да және түсті металлургия кәсіпорындарында жұ­мыс істейтін жұмысшылардың 53,2%-да реп­родуктивтік қызметтің бұзылғаны байқалған. Міне, осыдан-ақ бұл мәселе елімізде қан­шалықты ушығып отырғанын байқау қиын емес.

Жалпы, әйелдердің ерекше күтінуінен де болар, елімізде уролог-дәрігерлерден қарағанда гинекологтардың саны он есе көп екен. Мамандардың статистикасына көз жүгіртер болсақ, Қазақстандағы гинекологтар саны 5 мыңнан асып жығылады. Ал, білікті урологтардың саны небәрі 500-ден әзер асады.

Осы аз урологтардың бірі – оңтүстікқазақстандық Бәтеш Омаров. Ол – урология ғылымдарының кандидаты. Маманды әңгімеге тартып, белсіздікті болдырмаудың жолын сұрап көрдік. Оның айтуынша, бұл проблема қазір қазақ қоғамында расымен де өршіп тұр екен. Бірақ, дәрігерлер тарапынан жүргізіліп жатқан жаппай үгіт-насихат жұмыстары соңғы бірер жылда өз жемісін беріп келеді дейді ол. Ең бастысы, ауруын ерте анықтап, дәрігерлердің көмегіне жүгінетін ер азаматтардың қатары артқан.

“Белсіздік ауруы қазақ қоғамын тек бүгін ғана мазалай бастаған жоқ. Соңғы он жылдан астам уақыттан бері урологиялық ауруларға шалдыққан ер азаматтардың саны үнемі өсіп отырды. Ал, соңғы 3-4 жылдан бері еліміздің дәрігерлері онымен күресті барынша күшейтіп отыр. Күшейткенде қалай, ең алдымен түсіндіру шараларын жүргіздік. Ер азаматтар намысшыл ғой, ауруын мойындағысы келмейді. Содан да осындай адам шошитын статистика пайда болып отыр. Сол түсіндіру шараларынан кейін дәрігерлерге қаралып, кеселдің алдын алып жатқан ер азаматтар саны артып келеді. Намыстанудың, қорқудың еш реті жоқ. Қайта қазір осы бастан қаралып, емделіп алмаса, үйленгеннен кейін бәрі кеш болуы әбден мүмкін. Бала сүйе алмай ажырасып кетіп жатқан отбасылардың көп екенін бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деп барша тұрғындарға түсіндіріп келеміз. Ең бастысы, ер азамат жауапкершілікті сезініп, өз денсаулығын күтінсе, дәрігерге уақытылы қаралып жүрсе белсіздік індетін жеңуімізге болады”, – дейді Бәтеш Омаров.

Оның айтуынша, әйелдерде жыныстық проблеманың небәрі үш түрі болатын болса, ер азаматтарда 40 түрлі кесел кездеседі екен. Ал, ең басты кесел – простатит. Оны дәрісіз, дәрігерлердің араласуынсыз да емдеуге болатын көрінеді.

“Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап 90-жылдарға дейін қазақ халқының саны қарқынды өскен. Ол кезде әр отбасын да орта есеппен кемінде бес-алты баладан болатын. Он құрсақ көтеріп, «Батыр ана» атанған аналар да аз болған жоқ. Ал, бұл үрдіс еліміз Тәуелсіздік алып, табалдырығымыздан батыс мәдениеті аттаған уақыттан бастап тежелді. Жалпы, белсіздікті емдеудің бірнеше жолы бар. Әсіресе ең пайдалы емі – дәрі-дәрмек қабылдау емес, ат үстінде серуендеу. Өмірі жылқы үстінде өткен аталарымыз сондықтан да белсіздік дегеннің не екенін білмеген. Алпыс, жетпіске келгенше ұрпақ сүйіп, көп балалы болуының да басты себебі осында жатыр”, – дейді Омаров.

Жалпы, отандық дәрігерлердің бұлайша дабыл қағуы бекер емес. Бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған елдердің қатарына қосылуымыз үшін тұрғындардың өмір сүру сапасы да артуы тиіс. Яғни, қазақ қоғамы ауру-сырқаудан арылуы керек. Ал, дені сау ұрпақ әкеліп, оны білімді етіп тәрбиелеп шығару үшін ең алдымен еліміздегі ер азаматтардың денсаулығы мықты болуы шарт. Осыған байланысты бүгінде арнайы медициналық бағдарламалар да қабылданып, кешенді емдеу шаралары жүзеге асырылуда. Бұл шаралар өз кезегінде Қазақстанның дамыған елдер «отыздығына» енуіне міндетті түрде өз үлесін қосатын болады.

Тағы да оқыңыз:

Астана тұрғыны баспанасын бұздырмау үшін Назарбаевтың суреттерін іліп тастады

Алматыда ірі жол апаты: Автобус соқтығысып 40-қа жуық адам зардап шекті (фото)

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр