Алматылық ата-аналар сайттағы ақаудың кесірінен “Даму бала” тегін секцияларына тіркеле алмай қалды

Желіде алматылық ата-аналар балаларын “Даму бала” тегін секцияларына тіркей алмағандарына шамданды. Сөздерінше, кезекке тұратын кезде сайтта ақаулар болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда 2 маусым “Даму бала” тегін секцияларына тіркеу басталды. Алайда ата-аналар сайттың қатып қалғанын айтады.
“Балаларын Дамубала бөліміне тіркей алған қай бақытты 1000 бақытты ата-ана? Бүгін Бостандық ауданы үшін кезек сағат 15:00-де ашылды. Мен 2 сағат сайтқа кіре алмадым, ақыры кезекке тұра алмадым”, – деді Рината Овденко.
Тағы бір ата-ана сайттың жылдамдығы өте баяу екенін айтты. Одан бөлек балаларды секцияларға бөлу механизмі түсініксіз дейді.
“Ата-ананың үмітінің құны қанша екенін білесіз бе? Бір ғана қатып қалған сайт екен. Бүгін Бостандық ауданында Дамубала бағдарламасына ваучерлерді тарату басталды. Шығармашылыққа арналған 1000 орын және спортқа 1000 орын болған. Ата-аналар осы сәтті күтті, бірақ бәрі ойдағыдай болмады. Сайт жүктемені көтере алмады. Бір жарым сағат сайтқа кірілген жоқ”, – деді Алматы тұрғыны.
Ата-ана “Даму баланың” секция орындарын әділ таратқанына күдікпен қарайды.
“Ең өкініштісі, порталдың қатып қалуы да емес. Ата-аналар мүлдем ештеңе білмейді. Егер жүйе жұмыс істемесе, онда орындар қалай таратылып жатыр? Көпшілік кіре алмай жатса, онда кім тіркелді? Бұл концерт билеттерін сатып алу емес. Бұл – балаларға спортпен айналысуға, таланттарын дамытуға және қосымша білім алуға мүмкіндік беру”, – деді ата-ана.
Ол кезекке тұра алғандардың пікірге жазып кетуін сұрады. Алайда онда да тек ата-аналардың шағымы жазылған.
“Сағат 15:30-да кірдім, ал сайт істемей қалды. 10 минут қиналдым. Үүш баланы тіркегім келген. Бірақ қоя салдым. Басын бастап, соңына дейін жеткізбегендері өкінішті”, “Бізде де солай болды. Біз екі сағат бойы сайт жаңартыла берді, қате деп шығады, біресе ашылмай қалады. Бостандық ауданының әкіміне скриншоттарды жіберіп шағым айттым”, 15 минут сайт жаңартылып тұрды, содан соң ашылмай қалды. 100 рет әрекеттендім”, – деп жазды желідегілер.
Көптеген наразылықтан кейін Stan.kz тілшісі “Даму бала” әкімшілігіне сауал жолдады. Алайда олар сайт қалыпты істегенін айтып ақталды.
“Кезекке жазылу қалыпты жағдайда өтті. Бөлінген 1000 орын толды”, – делінген жауапта.
ДамуБала – қосымша білім беру арқылы балаларды дамытуға бағытталған мемлекеттік бастама. 2021 жылы іске қосылды. Оның негізгі мақсаты – отбасының табысына қарамастан, 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар түрлі үйірмелерге тегін жазыла алады.
Ата-аналар арнайы онлайн платформада белгілі бір үйірме немесе спорт секциясын таңдайды, өтініш береді және мақұлданғаннан кейін балалары таңдалған сабақтарға қатыса алады. Мемлекет шығындарды өтейді.
Дамубала әсіресе Астанада, Алматыда және Шымкентте белсенді жұмыс істейді.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Оқыңыз