Қазақстанда Айт намазын жамағатпен оқуға рұқсат берілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылы Ораза айт мейрамын тойлауға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы мешіттің ауласында айт намазын жамағатпен оқуға рұқсат берілді. Алайда барлық санитарлық талаптар сақталуы керек.
"Біз Айт намазы (жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің шешімдеріне сәйкес) мешіттердің ауласында оқылатынын қуана хабарлаймыз", - деп мәлімдеді мұсылмандар діни басқармасы.
Мешіт ауласына намаз оқуға келгендер санитарлық нормаларды сақтауы керек. Оның ішінде:
- маска тағу;
- үйде дәрет алу;
- намаздан кейін қол алысуға болмайды;
- намаздан кейін үйге бару;
- шариғат бойынша (балиғат) кәмелетке толмағандарды жамағатпен бірге оқылатын намазға әкелмеу;
- науқас адамдар мен әйелдерге намазға келуі ұсынылмайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі