Қазақстанда әскери қызметкерлердің несиені өтеу мерзімі кейінге қалдырылады
Үкіметтің 2024 жылы 20 тамыздағы қаулысымен Қазақстан азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаулыда әскери борышын өтеп жүрген адамдардың несие бойынша негізгі қарызы мен сыйақы үстемелерін мерзімді әскери қызмет кезеңінде жүрген және одан кейінгі екі ай көлемінде тоқтата тұру туралы айтылған.
“Қазақстанның заңнамасына сай, мерзімді әскери қызметтегі қызметкерлердің мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі және оны аяқтағаннан соң 60 күн қоса алынатын кезеңде банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарызы және (немесе) микрокредиті бойынша сыйақы есептелмей, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемі кейінге қалдырылады”, – делінген қаулы мәтінінде.
Қаулы 2024 жылы 24 тамызда күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әскери-техникалық оқу орындарында оқу құны көтерілетіні туралы жазған едік.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған