Қазақстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздар уақытынан кешігеді
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы жоғары ауа температурасы тіркелген аймақтарда пойыздардың жылдамдығы төмендетілетінін хабарлады. Ауа-райына байланысты бұл мәжбүрлі шара болып отыр.
Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында ауа температурасы +40°С-қа дейін, ал оңтүстік және батыс аймақтарында +45° С-қа дейн көтерілді. мұндай жағдайда рельстер + 58°С, + 62°С-қа дейін ысиды.
"Қазақстан темір жолы" АҚ қауіпсіз тасымалды ұйымдастыру үшін пойыз қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізді. Осы себепті пойыздар межелі жерге кешігіп жетеді. Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды", - деп атап өтті тасымалдаушы компания.
Қолайсыз күн райы машинистің жұмысын ауырлататыны атап өтілді.
Локомотив бригадаларына ыстық кезде пойызды басқару туралы нұсқаулық берілді.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"