Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай: Ресейліктер легі азайды
Жақында ғана Ресей мобилизация туралы жариялаған соң, Қазақстан-Ресей шекарасында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі болған еді. Онымен қоймай, осы жағдайды пайдаланғандар түрлі кәсіп өркендеткен. Ресей жақтағылар азық-түлік пен бензинді қымбат бағада сатса, біздің елде такси жүргізушілері пайдаға кенелген. Алайда кешеден бері 2 қазанда жағдай өзгеріп, кептеліс басылған. Бұл туралы "Мой город" порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: "Мой город"
"Сырым" (Ресей жағынан "Маштаково") шекарасында Қазақстан жағынан жеті шақырымға созылған жүк көліктерінің кезегі 2 шақырымға дейін қысқарыпты. Кезек күткен жеңіл автокөліктер мүлдем болмаған. Жол жиегінде қоқыс көп. Бос бөтелкелер мен сөмкелерді жел ұшырып жатыр.
Такси жүргізушілерінің де қарасы азайыпты. Шекарадан халық ағылған алғашқы күндері такси жүргізушілері бекеттен Оралға жету үшін 2000 рубль (16 000 теңгеден сәл асады) қаражат сұраған. Ал қазір баға екі есе төмендеген.
- "Бағаның өсуі - уақытша фактор": Қазақстанға ресейліктердің көптеп келуі ел экономикасына қалай әсер етеді?
- Қазақстанның бір облысын Ресейге береді: Бас прокуратура роликтің авторын анықтады
Ресей жағынан транзиттік жүк көліктері мен Өзбекстан азаматтарының отыз шақты жеңіл көлігі ғана болды. 29 қыркүйекте БҚО-ға келіп, 2 қазанда досын күтіп отырған ресейлік жағдайды түсіндірді.
"28 қыркүйекте көбі мобилизация бойынша шақырту алып, сәйкесінше ешқайда кетпейді. Ал жұмылдыруға жатпайтындар шекарадан кедергісіз өтіп жатыр", – деді ер адам.
Шекарада Ресей жақтан транзиттік жүк көліктері мен Өзбекстан азаматтарының отыз шақты жеңіл көлігі ғана болды. 29 қыркүйекте БҚО-ға келіп, 2 қазанда досын күтіп отырған ресейлік жағдайды былай түсіндірді.
"28 қыркүйекте көбі шақырту алып үлгерген, сәйкесінше ешқайда кетпейді. Ал жұмылдыруға жатпайтындар шекарадан кедергісіз өтіп жатыр", – деді ер адам.
Еске салсақ, 30 қыркүйекте ресейліктер елден кетіп, көп бөлігі БҚО-на келіп жатқанын хабарлаған едік. Сан шақырымға созылған кезекте тұрғандарға азық-түлік пен бензин қымбат бағаға сатылған еді. Тіпті төрт-бес күн кезегін күткен жолаушылар далада от жағып, жылынып, лашық жасап, жан баққан.