Қымбат "понт": Абай облысында үйлену тойы кортежінің жүргізушілері қатаң жазаланды

Абай облысының Ақсуат ауылында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежіне қатысқан бес жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Абай облысының Ақсуат ауылында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежіне қатысушылар әкімшілік жауапқа тартылды. Оқиға Қабанбай көшесінде болған. Полиция мәліметінше, той кортежіне қатысқан бірнеше жүргізуші жол үстінде қауіпті маневрлер жасап, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық жүргізушіні анықтады. Атап айтқанда, Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota және Lada Priora көліктерін басқарған бес азаматқа қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
ОқыңызҚұқық бұзушыларға маневр жасау тәртібін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жағдай туғызу және көлік құралдарын пайдалану талаптарын сақтамау деректері бойынша жалпы саны 19 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар аталған көліктер арнайы айыптұраққа қойылды. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және өзге азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Tesla көлігін тізгіндеген 14 жастағы жасөспірімнің жол ережесін өрескел бұзып, полициядан қашуға әрекет жасағаны хабарланған еді. Кейін көліктің бұған дейін де бірнеше мәрте жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталып, жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты