Дәрігер аптап ыстықта міндетті түрде тұтыну керек өнімді атады
Диетолог Пабло Охеда аптап ыстық ауа райында міндетті түрде балық өнімдерін рационға қосуға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deia басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Диетолог жазғы мәзірді міндетті түрде балықпен толықтыруға кеңес берді.
“Балық ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, ағзаны сапалы ақуызбен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұл өнім жеңіл қорытылатындықтан, оны жегеннен кейін адам асқазанда ауырлық сезінбейді”, – дейді Пабло Охеда.
Маманның пікірінше, ыстық күндері балық ағзаға қажет қоректік заттарды беріп, өзіңді жеңіл әрі сергек сезінуге көмектеседі.
“Балықтың құрамында ағзаға пайдалы омега-3 май қышқылдары мен түрлі минералдар бар. Сондықтан ол ми мен жүректің жұмысын жақсартуға көмектеседі”, – дейді дәрігер.
Пабло Охеда балықты пеште пісіруді, қайнатуды, бұқтыруды, буға пісіруді немесе грильде дайындауды ұсынады. Сондай-ақ маман балықты аптасына екі-үш рет тұтынған дұрыс дейді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"
