Енді Қазақстанда ескі 2000 теңгелік купюралар қабылданбайды
25 маусымнан бастап Қазақстанда 2012 жылы шығарылған ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар айналымнан шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2012 жылы шығарылған ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың айналымда жүру мерзімі 2026 жылғы 24 маусымда аяқталады. Қолында ескі 2000 теңге купюрасы бар азаматтар бүгін банк шотына сала алады.
Егер 25 маусымға дейін банк шотына салып үлгермесе, ескі банкноталарды жаңасына:
- Банктер мен "Қазпошта" бөлімшелерінде – 3 жыл ішінде;
- Ұлттық банк филиалдарында – мерзімсіз айырбастауға болады.
Жаңа үлгідегі 2000 теңгелік банкнота 2024 жылғы 25 желтоқсанда айналымға шығарылды. Ол да жасыл түсте жасалған.
Банкнотаның алдыңғы бетінде:
- "Өмір ағашы" және қалықтап ұшқан құс;
- ДНҚ спиралі;
- Шексіздік белгісі;
- Молшылықтың белгісі саналатын мүйізді жануар бейнеленген.
Артқы бетінде:
- Киіктер;
- Қорғаныс пен өмірлік қуатты білдіретін қазақы өрнек-қалқан;
- Бурабай көлінің көрінісі;
- Археологиялық қазба кезінде табылған киік басының бейнесі бар.
Бастапқыда 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкноталар да маусым айының соңында айналымнан шығарылуға тиіс еді. Алайда Ұлттық банк бұл мерзімді 2027 жылдың шілдесіне дейін ұзартты. Сондықтан ескі үлгідегі 10 000 теңгелік купюралар әзірге қолданыста қала береді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
