Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдырауы жеделдеді

Мұнай өндірісі
Фото: magnific.com

Әлемдік нарықта мұнай бағаларының төмендеуі жеделдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

24 маусымдағы сауда-саттық барысында солтүстік теңіздік эталондық Brent мұнайының биржалық бағасы құлдырауын үдете түсіп, баррелі 75,5 доллардан төмен түсті.

Ең төменгі деңгейде шикізат бағалары бір баррель үшін 75,36 долларды құрады. 

Сарапшылар шикізаттың арзандауын ең алдымен Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының біртіндеп қалпына келуімен байланыстырады. Таяу Шығыстағы ең маңызды логистикалық жолдың ашылуына АҚШ пен Иран арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум ықпал еткен.

22 маусым күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы жалпы 19 миллион баррель мұнай өткенін мәлімдеді. Сарапшылар  бұл жағдайдың қосымша шикізат партияларының Парсы шығанағы елдерінен келуіне байланысты дағдарысқа дейінгі деңгейге мұнай бағасының қайта оралуына алып келуі мүмкін деп болжауда.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Иран мұнайына салынған санкцияларды тоқтатқаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 24 Маусым, 2026 22:56