Жол апатынан қаза тапқан қазақстандық әйелдің ұлы айыпталушыдан анасының несиелерін төлеуді талап етті

Атырау – Орал тас жолында болған жол апатында қаза тапқан әйелдің ұлы апатқа кінәлі адамнан анасының несиелерін өтеуді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апат 4 қаңтарда Атырау – Орал тас жолында болған. Сот анықтағандай, алдындағы көлікті басып озбақ болған Mercedes жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, "Газельмен" соқтығысқан. Соққыдан кейін "Газель" өртеніп кеткен. Салонда болған жолаушы әйел қаза тауып, жүргізуші ауыр жарақат алған.
Қаза тапқан әйелдің ұлы моральдық шығынды өтеу туралы талаптан бас тартқан, себебі ол айыпталушы тарапынан ақшалай өтем алғанын айтқан. Алайда ол анасының жерлеуіне жұмсалған 1,5 миллион теңге мен бірнеше банкте оның атына рәсімделген 12,9 миллион теңге көлеміндегі несиелерді кінәлі адамнан өндіріп беруді сұраған.
ОқыңызСот бұл талаптарды қылмыстық іс аясында қараудан бас тартты. Үкімде жерлеу шығындары мен несие берешегін өндіріп алу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен бөлек қаралуы тиіс екені көрсетілген.
Ал екінші жәбірленуші "Газель" жүргізушісі өз талап-арызын берген. Сот оның пайдасына жанып кеткен көліктің құны, емделу шығындары, өкіл қызметі және моральдық зиян өтемақысын өндіріп берген. Жалпы төлем сомасы 10 миллион теңгеден асты.
Mercedes жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырып, 5 жылға көлік басқару құқығынан айырды.
Іс азаматтық сотта жалғасуы мүмкін. Азаматтық сотта жол апатында қаза тапқан адамның банктік несиелерін кінәлі тараптан өндіріп алу мәселесі қаралады.
Еске салсақ, Қостанайда бес күдіктіні сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына ұшырағанын жазғанбыз.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты