Атыраудағы мектепте оқу-жаттығу кезінде балалар бірін-біріп таптап, жарақат алды
Атыраудағы мектептердің бірінде жоспарлы эвакуация кезінде оқушылар арасында кептеліс болып, бірнеше бала жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 17 қарашада болған. Сол күні мектепте төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді пысықтау үшін жоспарлы оқу-жаттығу өткізілген. Мұндай жаттығулар оқушылардың төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керегін үйренуі үшін тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Алайда эвакуация кезінде балалар мектептің шыға берісіне жиналып, бір-бірін итеріп, кептеліс туындаған. Салдарынан бірнеше оқушы көпшілік арасында қысылып қалған. Кейбірінің денесі көгеріп, жарақат алған.
Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, балаларға қажет медициналық көмек көрсетіліп, ата-аналарына жеке хабар берілген. Қазір олардың жағдайы тұрақты.
Оқу орны өкілдері оқиғаның себебі анықталып жатқанын хабарлады. Қазір оқушылар мен мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Мектеп әкімшілігі мұндай жағдай қайталанбауы үшін эвакуация жоспарын қайта қарап, оқу-жаттығуды ұйымдастыру тәртібін күшейтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар болған жағдай үшін ата-аналардан кешірім сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Атыраудағы мектептердің бірінде оқушылардың кіреберісте жаппай сығылысып, бір-бірін таптап кетуге шақ қалған сәті видеоға түсіп қалғаны туралы жазған едік. Оқиға түскі уақытта болған. Кадрларды тұрғындардың бірі әлеуметтік желіге жариялаған.
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай