Құрманбек Жұмағали "Қазақфильм" киностудиясының басшысы қызметіне кірісті
Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрманбек Жұмағали 1985 жылы туған. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін “Журналистика” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:
2004–2007 жылдары – “Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясында редактор, бағдарлама жүргізушісі;
2007–2013 жылдары – “Хабар” агенттігінің ақпараттық бағдарламалар дирекциясында продюсер, қорытынды жаңалықтар жүргізушісі;
2013–2014 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі, кеңесшісі;
2014–2015 жылдары – “Қазақстан” РТРК АҚ ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, “Сенбілік кездесу” ток-шоуының жүргізушісі;
2015–2016 жылдары – “Қазақстан” РТРК АҚ өңірлерді дамыту департаментінің директоры;
2016–2017 жылдары – “Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры” қоғамдық қорының директоры;
2017 жылы мамырға дейін – “Алматы” телеарнасы” АҚ бас директорының бірінші орынбасары;
2017 жылы мамыр–желтоқсан аралығында – Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы;
2018–2019 жылдары – “Қазақ радиолары” ЖШС директоры;
2019 жылы қазанға дейін – “Қазақстан” РТРК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
2019 жылы 1 қазан – 2021 жылы қыркүйек аралығында – “Астана” телеарнасының бас директоры;
2021 жылы қыркүйек – 2023 жылы шілде аралығында – “31 арна” телеарнасының бас директоры.
2023 жылдың шілдесінен бастап Құрманбек Жұмағали “Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы” КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін “Қазақфильм” 2025 жылы 1,24 миллиард теңге табыс (тартылған қаражат) тапқанымен, таза пайдасы небәрі 353 мың теңге болғаны туралы жазған едік. Киностудияның кірісі негізінен мемлекеттен түскен, ал шығындары табыстан асып кеткен.
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай