Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті: Қандай мәселелер талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттер өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту, биыл сәуір айында Бұхара қаласында өткен мемлекеттер басшылары кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мәселелерін талқылады”, – делінген Ақорданың хабарламасында.
ОқыңызПрезидент әкімшіліктері, үкіметтер мен салалық ведомстволар арасындағы байланыстардың жандануы екіжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту және бірлескен жобаларды ілгерілету үшін өте маңызды екеніне назар аударылды.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы ортақ іс-шаралардың кестесін қарастырды.
Еске салсақ, осыған дейін Тоқаев Өзбекстан өкілі Саида Мирзиееваны қабылдаған болатын.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген