Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында ең бай елдердің рейтингінде көш бастады
Америкалық Global Finance Magazine басылымы 185 мемлекетті қамтитын әлемдегі ең бай елдердің рейтингін (The Richest Countries in the World) жасады. Бұл тізімде еліміз көш бастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық Азия елдері арасындағы бұл рейтингте Қазақстан 50-ші орынға ие болды.
Түркіменстан 77-орында болса, Өзбекстан 127, Қырғызстан 142 және Тәжікстан 153 орынға ие болды.
Тізімде Катар әлемдегі ең бай мемлекет деп танылды. Екінші орында Люксембург, үшінші орында Сингапур.
Ең кедей елдердің қатарына Малави, Конго, Орталық Африка Республикасы кірді.
Тізім Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының деректері негізінде жасалған. Басылым елдердегі өмір сүрудің салыстырмалы құны мен инфляция деңгейін ескере отырып, жан басына шаққандағы сатып алу қабілеті бойнша тұжырым жасаған.
Су есептегіштерді "ақылды" су есептегіштерге ауыстыру міндетті ме? Қазақстандықтар не білуі керек
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"