Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим іске қосылды
10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим жұмыс істей бастады. Келісімге сәйкес көрші елде визасыз 30 күнге дейін жүруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан мен Қытай азаматтары елге кіру үшін визаны алдын ала ресімдемей-ақ саяхаттау басталды. 6 ай ішінде қазақстандықтар Қытайда барлығы 90 күн жүре алады. Алайда ол күндерді толық емес, бөліп-бөліп өтеді. Яғни бір барғанда толық 90 күн емес, ең көп дегенде 30 күн жүреді.
Енді Қазақстанның Қытаймен шекарасын кесіп өту үшін өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз болуы керек, сондай-ақ билетті сақтап қойған жөн.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған