Қазақстан құрамасы FIFA series 2026 кубогының чемпионы атанды
Фото:ҚФФ
31 наурыз күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында 2026 жылғы Фифа сериясы аясында Комор аралдарына қарсы матч өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тартысқа толы матчта Қазақстан сапынан жартылай қорғаушы Рамазан Оразов алғашқы болып есеп ашты.
Ал екінші таймда ұлттық құрама футболшылары қарқынды үдеткенімен ұпай санын ұлғайта алмады. Нәтижесінде Қазақстан Комор аралдарын 1:0 есебімен жеңді.
Осылайша Қазақстан құрамасы FIFA series 2026 кубогының иегері атанды. Ал Ислам Чесноков үздік ойыншы атағына қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама Намибия қарсы матч өткізіп, 2:0 есебімен ұтқан еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады