Қазақстан Қырғызстан азаматтарының елде болу мерзімін үш есеге ұзартты
Қазақстан Қырғызстан азаматтарының елде болу мерзімін 90 күнге дейін 3 есеге ұзартуды жоспарлап отыр. Бұрын олар елде тек 30 күнге дейін болуға рұқсат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәлімдеме ашық НҚА порталында жарияланған. Қаулы жобасы күшіне енгеннен кейін қырғызстандықтар Қазақстан шекарасын кесіп өткеннен кейін 90 күнге дейін елде бола алады. Ал қазіргі таңда бұл мерзім 30 күнмен шектеледі.
180 күндік кезең ішінде Қазақстанда болған күндерінің жалпы саны 90 күннен аспауы тиіс.
Қаулы жобасының түсіндірме жазбасында бұл өзгеріс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін енгізілетіні жазылған.
Ол 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ғана қолданыста болмақ.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”