Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан билігі ауған әйелдеріне транзиттік дәліз ұсынды

Қазақстан билігі Ауғанстан әйелдеріне арнап транзиттік дәліз ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мид ауганстан

"Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне байланысты Мемлекет басшысы ауған әйелдері – судьялар, парламентшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады", - деді министрлік.

Атап өту керек, транзит әрі қарай үшінші елдерге ұшу үшін Алматы әуежайы арқылы жүзеге асырылады.



Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында Ауғанстанды қиындықтармен жалғыз қалдырмау қажеттігін айтқан болатын.

17 қазанда Қазақстан Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған делегация Ауғанстанда болып қайтқан. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, іссапар аясында тараптар Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелерін талқылаған.

Талқылау