AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет

ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажеттігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазіргі заман болмысы ТМД-ның қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіруді талап етеді. Бұл саладағы біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі контурасы Әскери ынтымақтастық тұжырымдамасында, сонымен қатар 2025 жылға дейін сыртқы шекараның шекаралық қауіпсіздігін нығайту бағдарламасында белгіленген. Бұған қоса, жүргізілер жұмыста терроризм, діни экстремизм, есірткі саудасынан туындайтын сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мәселелеріне ерекше басымдық беру қажет. Бұл сын-қатерлер Ауғанстанда орын алған жағдайға байланысты бірінші кезекті мәнге ие болып отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің атап өтуінше, Қазақстан ауған мәселесінде БҰҰ ұстанымын қолдайды.

“Бұл елдегі күрделі гуманитарлық жағдай бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарында болуы тиіс. Біздің саяси көзқарасымыз бен жеке наным-сеніміміз қандай болса да, Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет. Бұл істегі нақты үлес ауған халқына гуманитарлық көмек болмақ. Қазақстан қазірдің өзінде азық-түлік пен бірінші қажетті тауарларды жеткізуге кірісіп кетті. Бұл жұмысты жүйелеу үшін Ауғанстанға халықаралық көмек көрсету жөніндегі логистикалық хаб құруды ұсынамыз. Ауғанстанға дағдарыстың өткір кезеңін еңсергеннен кейін де БҰҰ институттары тарапынан мұнан арғы да жүйелі қолдаудың қажет болатындығы сөзсіз. Осынау маңызды міндетке біз ұсынып отырған Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы бастама жауап бере алады. Достастық елдерінің осы жоспарлардың жүзеге асырылуына жәрдем беретіндігіне үміттенеміз", – деді мемлекет басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр