Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кабулда сегіз жетім бала аштықтан қаза тапты

Ауғанстандағы этникалық хазарлардың саяси көшбасшысы және парламенттің бұрынғы мүшесі Мұхаммед Мохакик Кабулдың батыс бөлігінде сегіз жетім баланың аштықтан қаза тапқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жетімдер

Сурет: Haji Mohammad Mohaqеq Facebook парақшасынан

Мохакиктің деректеріне сәйкес, балалардың денесі Кабулдың 13-аймағындағы аудандардың бірінде бірнеше апта бұрын табылған. Оларды жергілікті молда мен аймақ тұрғындары жерлеген. 

Молда Мұхаммед Али Бамиани балалардың өлімі жайлы айтып берді. Олардың ең үлкені сегізде, ең кішкентайы бір жарым жаста болған екен. 

"Олардың ешкімі қалмады. Ата-аналары мен жақын туыстары да қаза тапқан", - деді Бамиани.


Тәлібтер ауған волейболшысының басын алмаған: Трагедия туралы жаңа мәліметтер пайда болды


Бамиани балалардың денесі табылған үйде болғанын айтады. Жетімдердің арықтағаны сонша, өз бетінше қимылдай алмай қалған дейді ол. 

"Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым ретінде тыйым салынған) қозғалысы басқарып отырған ауған билігі балалар өлімі жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанға жақын арада гуманитарлық көмек көрсетілмесе, елде аштық болып, дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп ескерткен болатын.

Талқылау