Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі алғашқы онлайн-диктантқа 2000-нан астам адам қатысты: Смартфон ұтысының қорытындылары

Stan.kz 15 желтоқсанда өткен еліміздегі алғашқы онлайн-диктанттың қорытындысын шығарды. Біз ана тілін дамытуға үлес қосқаны үшін жазба жұмысының әрбір қатысушысы мен жобаның серіктестеріне алғыс білдіреміз! 

Биыл Асар дәстүрі мен "Еріктілер жылына" орай құрастырылған онлайн-диктантқа 2045 адам қатысты. Олардың 20%-ы (445 қатысушы) 4 және 5 деген баға алды. 

Қатысушылардың көбі "дастархан" деген сөзді "дастарқан", "бүгін" деген сөзді "бүгүн" деп жазып, қате жіберген. 

HUAWEI P40Lite смартфондарының ұтысының жеңімпаздары кездейсоқ сандардың таңдау тәсілі арқылы іріктелді. 

Жаңа смартфондардың иелері: 

Асылзат Жеңсікбаева

Бекзат Ұзақбаев

Жұлдыз Сейдуллахан Машрапханқызы

Мария Умарова

Патима Ахметова

Ұтыс жеңімпаздар тұлғаларын растаған жағдайда ғана жіберіледі. 

Алдағы уақытта біз онлайн-диктантты жазудағы техникалық қиындықтарды ескеретін боламыз. Бұған қоса, сіздердің ескертулеріңіз бен тілектеріңізге назар аударамыз. Ана тілімізді қолдау үшін алдағы уақытта бұл жобаны жыл сайын ұйымдастырып тұру жоспарымызда бар.

Сіздер 2021 жылы да өткізілетін онлайн-диктанттан қапы қалмайсыздар деген сенімдеміз!

Егер сіз жазба жұмысына қатысу туралы сертификат алмасаңыз, [email protected] поштасына хат жолдауыңызды сұраймыз. 

Талқылау