"Қайрат" Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Барселонаға" қарсы ойнайды
Алматылық "Қайрат" командасының футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық команда 1/4 финалда словениялық "Добовецті" 2:0 есебімен жеңген испандық "Барселонаға" қарсы кездесу өткізеді.
Жартылай финал матчы 1 мамырда Задарда (Хорватия) өтеді.
Еске сала кетейік, "Қайрат" ширек финалда португалиялық "Бенфиканы" қосымша уақытта 6:2 есебімен жеңді.
Қазақстандық клубтан Гадейя (16-шы және 47-ші, пенальтиден), Эдсон (31-ші), Дәурен Тұрсағұлов (45-ші), Фернандиньо (49-шы) және Біржан Оразов (50-ші) гол соқты.
"Бенфика" құрамында Афонсо Жезуш (16-шы) және Тьягу Бриту (35-ші) көзге түсті.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"