"Қай жақтың әскері деп шошып кеттім": Атхамбек Юлдашев Мақпал Жүнісоваға сахнада тосынсый жасады
Өзбекстанның атақты әншісі Атхамбек Юлдашев қазақтың ерке қызы Мақпал жүнісоваға сахнада тұрып, алтын білезік тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды
Өнер иесінің айтуынша, екі ай бұрын өзбек әншісі сахнаға шығып, мерекелік кешімен құттықтаған.
“Ассалаумағалейкум, құрметті қауым. Мені таныдыңыздар ма?! Мақпал Жүнісова – аңыз адам, Қазақстанның "Примадоннасы". Мен оны өте қатты жақсы көремін, мұндай адам жоқ. Сондықтан Мақпал Жүнісованы көргенде 150 жыл өмір сүрсін деймін. Мақпал, саған зор денсаулық тілеймін. Бәрін тастап, сені құттықтауға келдім", – деді ол алтын білезігін әншіге тағып жатып.
-
"Өмірімде аспаз жалдамаппын": Ауласына ошақ құрып, ет асқан Мақпал Жүнісоваға көпшілік сүйсінді
-
"Құда күтуге дайындалып жатыр": Мақпал Жүнісова төрт қабатты үйінің жөндеу жұмыстарын бастады
Ал Мақпал Жүнісова Атхамбек Юлдашевтан мұндай тосынсыйды күтпегенін жасырмады.
"Бүгін осындай тосынсый жасайды деп ойлаған жоқпын. Атхамбекті көрмегелі қай заман... 10 жылдан асты ма?! Қай жақтан келе жатқан әскер деп шошып кеттім ғой. Көп рақмет, аман болсын. Көршімен тату болған жақсы ғой", – деп ризашылығын білдірді халық әртісі.
Еске салайық, Мақпал Жүнісова Желтоқсан оқиғасын есіне алған еді.