Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспийде жабайы үйректерді қайықпен басқан жастар ұсталды

Каспийде су бетінде жүрген үйректерді моторлы қайықпен аяусыз басып өткен жастар ұсталды. Қазіргі уақытта полиция мәселенің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеода Каспий теңізінде үлкен жылдамдықпен келе жатқан моторлы қайық су бетінде қалың үйірімен жүрген жабайы үйректердің үстінен қасақана басып-жаншып өте шығады. Видеода қайық соңында ондаған құстың өлігі шашылып қалған судың қып-қызыл қанға боялғаны анық көрінеді.   

"Маңғыстау облысының полициясы екі ер адамның жеке басын анықтады. Олар қазір Түпқараған ауданының полиция бөлімінде жатыр, онда не болғанын және қалай болғанын айтады", - деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Жаға ұстатар видео шамамен бір апта бұрын түсірілгені белгілі. 

ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша жастарға қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

 

STAN.KZ
Жексенбі, 13 Желтоқсан, 2020 17:42
Талқылау