Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспийде демалушылардың итбалыққа тас лақтырғаны желідегілердің ашуын тудырды

Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Каспий теңізінің жағасында демалушылардың қызығушылықпен адамдарға жақын жүзіп келген итбалыққа тас атып, жауыздық көрсеткені түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

итбалық

"Instagram әлеуметтік желісінде демалушылардың Каспийдің итбалығына тас лақтырып жатқаны туралы видео-сторис пайда болды. Видеода көрініп тұрғандай, итбалықтың адамдарға шабуыл жасау ниеті жоқ, қызық көріп жақындаған. Жас әрі ұшқалақ. Итбалықтардың табиғатынан айналаға қызығушылығы жоғары және олар қауіпті емес. Бірақ әрбір жыртқыш жануар өзіне шабуыл жасаса агрессия көрсете алады. Өкінішке қарай, отандастарымыз қауіп тудырмайтын аңға жабайылықпен жауап беріп, тас лақтырған", - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook-те.


Қазақстанның Қызыл кітабына қандай жануарлар енгізілген

Сонымен қатар, ол табиғатты қорғауға шақырды.

"Басқа елдерде дельфиндер, итбалықтар, морждар және тіпті акулалар адамдарға жақын қашықтықта тыныш жүзіп жүреді. Және бұл бәріне қалыпты. Достар! Тату өмір сүрейік және табиғатты қорғайық. Адам болайық!", - деді Сәкен Ділдахмет.

Видеоны көрген желі қолданушылары ашуға булықты.

"Бұл адамдар емес. Тек екі аяқты тіршілік иелері", "Адамдар жануарлардан нашар. Ұят", "Неткен жауыздық" , - деп жазды олар.

Талқылау