Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда су құйыны тіркелді: Каспий үстіндегі сирек кездесетін құбылысты синоптиктер түсіндірді

Жақында желіде Каспий теңізіндегі ерекше табиғи құбылыс - теңізде пайда болған құйындардың фотолары таралды. Қазгидромет РМК құбылыстың себебін түсіндірді: құйынның пайда болуы температуралық қысымнан болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет РМК хабарлағандай, мұндай құбылыс Каспий теңізінде өте сирек кездеседі. Соңғы рет 2011 жылы қазанда Қашаған кен орны ауданында байқалған.

"Әдетте су құйындары тропикалық ендіктерде, өте сирек қоңыржай жерлерде пайда болады. Құйын пайда болуы үшін екі жағдай қажет: теңіздегі су жылы;  бұлттағы ауа суық болуы керек.

Температураның өзгеруіне байланысты атмосфераның жоғарғы және төменгі қабаттарындағы қысымда өзгерістер болады. Мұның себебі - қатты ыстық күнде жаңбыр бұлтының астында пайда болған желден болуы мүмкін. Ал қатты жел бұлттағы қозғалыстардың өте күшті жоғары және төмен ағындардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан. Құйын ортасында өте төмен қысым байқалады, нәтижесінде ол суды көтере алады", - дейді табиғи ресурстары министрлігінде.


Жер шары тұрғындары сирек кездесетін астрономиялық құбылыс "от сақинасының" куәсі болады 


Мәліметтерге сәйкес, құйын - алдын ала болжауы қиын құбылыс.

"Құйындардың мониторингі жүйесі станциялар мен посттар желісінің визуалды бақылау жүйесіне негізделген, бұл тек құйын қозғалысының азимутын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазгидромет желдің, толқудың және теңіз деңгейінің болжамдарын ұсынады.

"Біздің болжамымызға сәйкес, 22-23 тамызда Ақтауда жел тұрақты шығыс бағытқа ие болды, желдің жылдамдығы 12 м/с дейін жетті, ал оңтүстікте Қазақ шығанағына жақын жерде, ашық акваторияда желдің жылдамдығы 23 Тамызда 23 м/с дейін жетті", - дейді Қазгидромет түсіндірмесінде.

Талқылау